қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
04.10.2016

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

ПРЕСС РЕЛИЗ

   Ұстаз деген ұлы да ұлағатты ұлы сөз. Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Педагог мамандар – мәдени-рухани болмысын әлемге танытар, қоғамдық өмірді нұрландырып гуманизм принциптерінен тайынбас жас ұрпақты тәрбиелеу ол, мұғалімнің зор жауапкершілігі.

   Осыған орай, еліміздің педагогикалық кадрларды даярлау ұстаханасы болып табылатын ҚазҰПУ-да ағымдағы жылдың 5 қазанында «Ұстаз – ұлылардың ұлысы» атты салтанатты шара өткізіледі.               Мерекелік іс-шара барысында университет әкімшілігі барша ұстаздар қауымын құттықтап, білім беру және тәрбиелеу ісіне өзіндік үлес қосып жүрген және мемлекетіміздің білім беру саласын алға сүйреп жүрген ұстаздар қауымын марапаттайды.

  Салтанатты шараның бой жазатын бөлімінде қазақ эстрадасы жұлдыздары және университетіміздің өнерпаз студенттерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады. Құрметті БАҚ құралдары өкілдері сіздерді осы айтулы күнге байланысты өткізілетін мәдени іс-шарамызға қатысып, қолдау көрсетуге және халықты хабардар етуге шақырамыз.

Басталуы: сағ.15.00-де.

Өтетін орны: № 5 оқу ғимаратының акт залы, Төле би даңғылы мен С.Сейфуллин көшесінің қиылысы. Байланыс телефондары: 8(727) 291-20-05; 8(701)6642721