қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
11.10.2016

Алматы қаласы Мәдениет және Мұрағат басқармасы КММ Алматы қаласы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» Сізді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдығы және Сапарғали Бегалин атындағы балалар кітапханасының 65 жылдығына арналған «ХХІ ҒАСЫР КІТАПХАНАЛАРЫ: КІТАППЕН БОЛАШАҚҚА» атты халықаралық конференцияға шақырады.
Халықаралық конференцияда халықаралық және аймақтық кітапханалардың, мәдениет және білім мекемелерінің, мәдениет, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері бас қоспақ.
Конференцияның екінші күні, яғни, 21 қазанда, сағат 19.30-да - барлық қатысушыларды С. Бегалин атындағы Балалар Кітапханасында болатын таңғажайып «Ұлттық қазына» атты түнгі кітапхана саяхаты күтеді.
Құрметті әріптестер, Сіздерді конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.Өзіңіздің қатысатыныңыз жайлы 2016 жыл қазанның 01-не дейін хабарлауыңызды сұраймыз. Тапсырысты электронды поштаға жіберіңіз. (Тапсырыстың формасы қосымшада).
Баяндамаңыздың тақырыбын 2016 жылдың 01 қазанға дейін көрсетілген электронды поштаға жіберуіңізді сұраймыз. : alma-kac@mail.ru , cbs_almaty@mail.ru .
Конференцияның бағдарламасы қосымша жіберіледі.
Сұрақтарыңыз болса Алматы қаласы, ОКЖ-нің Ұйымдастыру Әдістемелік бөліміне хабарласа аласыз.
Біздің байланыс: телефон 8 727 279 33 15, 8 727 291 63 51; e-mail: alma-kac@mail.ru , cbs_almaty@mail.ru .
Конференцияның басталуы: 2016 жыл 20 қазан сағат 10.00-де,
«RIXOS» қонақ үйінде.
Тіркеу сағат 09.00-де басталады. Конференцияға қатысу тегін.
Іс - сапар шығыны сізді жіберген жақтың есебінен.

 

 



1284

Кері оралу