қазақша · русский · english
   
Студенттер профкомы
 Ынтыбаева Гульдана Бакытбековна
Студенттер Кәсіподағының төрайымы

Алматы қ., Қазыбек би, 30, 204 А каб.
 291-90-14
guldana_1987@mail.ru

 

Абай атындағы КазҰПУ Студенттер Кәсіподағы студенттер мен магистранттарды біріктіреді. Студенттер Кәсіподағы - студенттердің құқықтарын қорғайтын, оларға әлеуметтік көмек көрсететін, студенттік өмірді жақсарту бойынша жұмыс жүргізетін қоғамдық ұйым болып табылады.
Студенттер кәсіподағы олармен білім алу кезінде мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көздері мен оның мөлшері туралы 17.05.2000 N 738 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысын іске асыру бойынша жұмыстар өткізеді. Қазіргі уақытта 25 студент жетім-балалар есебінде тұр, осы сәтте жылына бір рет қоректену орнына ай сайынғы ақшалай өтемдер беріліп отырады.

Студенттер кәсіподағы жұмысының негізі қызметтері:
• толық жетім, көп балалы отбасынан шыққан, мүгедек студенттерге әлеуметтік көмек көрсету.
• әр түрлі іс-шаралардың өтуіне көмек көресету.
• студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
• жатақхананың тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша жұмыс жүргізу.
• талантты жастарды мадақтау.
• студенттік өмірдің дәстүрлерін сақтау және дамыту бойынша жұмыстар жүргізу.