қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.06.2015

Шетел азаматтарына арналған филологиялық пәндер кафедрасы оқытушысының Қытай Халық Республикасы, Құлжа қаласындағы қызметтік іссапары туралы
ЕСЕБІ


Іле педагогикалық университеті (ҚХР) мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан) арасындағы «Қазақ-қытай ғылыми-мәдени, инновациялық дамыту және оқыту орталығы» мен «Абай орталығын» ашу туралы келісімшарт (06.07.2011ж.) негізінде Қытай Халық Республикасы, Құлжа қаласы Іле педагогикалық университетіне шетел азаматтарына арналған филологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Бейсбекова Ж.Б. 2015 жылдың 6 мамыр - 4 маусым аралығында жұмыс іссапарымен барып қайтты.
Іссапар кезінде Іле педагогикалық университетінің Халықаралық қатынастар бөлімі, Филология ғылымдар институты мен Шет тілдер факультеті басшылары және «Қазақ Тұлпар» әдебиет қоғамының төрағасымен кездесіп, Абай Құнанбаевтың мәдени мұраларын және екі елдің мәдениетімен таныстыруға бағытталған іс-шараларды өткізу, университеттер арасында профессор-оқытушылар және әр түрлі мамандықтар бойынша студенттермен алмасу, түрлі ғылым салалары бойынша бірлескен ғылыми жобаларды ұйымдастыру, ғылыми-әдістемелік семинарлар мен ғылыми конференциялар, онлайн сабақтарын,интернет-конференциялар өткізуді ұйымдастыру, екі ел арасындағы ЖОО профессор-оқытушылар құрамының студенттердің, магистранттар мен докторанттардың ғылыми еңбектерін ғылыми журналдарға жариялау туралы екі жақты келіссөздер жүргізіліп талқыланды.

Абай орталығының алдағы 2015/2016 оқу жылының жоспарында көрсетілген атқарылатын жұмыстарын талқылау, таныстыру мақсатында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедарасының меңгерушісі ф.ғ.к., доценті Сырайыл Ысқақұлы және профессор-оқытушылар құрамы мен Халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Толқын Әрпетұлы және Қазақ Тұлпар әдебиет қоғамының төрағасы Нұржан Дәулеткелдіұлы, Шет тілдер факультетінің оқытушысы,профессор Буланбаев Нурлан, Буланбаева Жаңыл Әубәкірқызымен кездесіп, «Абай шығармаларынан мәнерлеп өлең оқу және ән айту» байқауын және бірлескен ғылыми жобалар интернет-конференциялар мен екі ел арасындағы ЖОО профессор-оқытушылар арасында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, біліктілігін жетілдіру мақсатында «Білікті профессор-оқытушы құрамының іс-тәжірбиелері мен әлеуеті» атты тренинг-семинар ұйымдастыру жөнінде ұсыныс тілектерін білдірді.

Сонымен бірге, қазақ тілі мен әдебиеті кафедарасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Сырайыл Ысқақұлының және профессор-оқытушылар құрамының шақыруымен Абай орталығының директоры Бейсбекова Ж.Б. бітіруші студенттердің диплом қорғау жұмыстарына қатысып, зерттеп жүрген тақырыптары аясында сұрақтар қойып, кеңестер берді. (22.05.2015ж.) Сондай-ақ, Абай орталығында Бейсбекова Ж.Б. Іле педагогикалық университетінің бітіруші, ізденуші студенттерінің дипломдық жұмыстарын қарап, кеңестер берді.

 

Іссапар барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әр түрлі мамандықтары бойынша білім алуын тарту мақсатында Іле педагогикалық университетінің бітуруші студенттермен кездесіп, еліміздің тұңғыш жоғары оқу орны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бүгінгі таңда ең ірі беделді оқу орны екенді және құрылғанына 85жыл толып отырғандығы туралы мағлұматтар бере отырып және шетел азаматтарына арналған филологиялық пәндер кафедрасының шетел азаматтарымен тікелей жұмыс жүргізетіндігі сонымен бірге, ТОРФЛ тест тапсырушы шетелдік азаматтарға кеңес беру орталығының ашылып, орталықта Халықаралық ТОРФЛ сертификатына дайындау курстарының жүргізілетіндігі жайлы айтылып, кәсіби-бағдар беру жұмыстары жүргізілді.
Іле педагогикалық университетінің жанынын ашылған Абай орталығының директоры Бейсбекова Ж.Б. және жоғарыда аталған факультеттердің профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен 2 курс студенттерімен де кездесіп, Қытайдың Іле педагогикалық университеті (ҚХР) мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан) арасындағы «Қазақ-қытай ғылыми-мәдени, инновациялық дамыту және оқыту орталығы» мен «Абай орталығын» ашу туралы келісімшарт (06.07.2011ж.) негізінде орталықтардың ашылғандығы туралы ақпарат бере отырып, әртүрлі мамандықтарда академиялық ұтқырлық бойынша студенттер алмасу мүмкіндіктері қарастырылғандығы жыл сайын Іле педагогикалық университеті студенттерінің ауысым арқылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білімдерін жетілдірумен қатар әртүрлі іс-шараларға белсене қатысып, Алғыс хат пен мадақтау қағазадарына ие болғандары мен 2015/2016 оқу жылына әр түрлі мамандықтар бойынша студенттердің ауысыммен оқуға баратындығы жайлы айтылып, студенттердің толғандырып жүрген сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.
Абай орталығының директоры Бейсбекова Ж.Б. жұмыс іссапар кезеңінде Іле педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне «Қазақстандағы қазақ тіліні бүгіні мен болашағы» атты тренинг-семинар (03.06.2015ж.) ұйымдастырып өткізді.
Қазақ Тұлпар әдебиет қоғамының жылдық қорытынды есеп беру жұмысына Абай орталығының директоры Бейсбекова Ж.Б. және Шыңжаң Халық радио станциясы қатысып, Қазақ Тұлпар әдебиет қоғамының ұжымына қазақтың ұлттық ойыны тоғыз қумалақ ойынын келер ұрапаққа дәріптеуде қажымай еңбек ете берулеріне тілек, ұсыныс білдіре отырып, Абай орталығының да мақсаты екі ел арасындағы мәдениетімізбен ұлттық мәдени-мұраларымызды насихаттау және Мемлекеттік тілімізді дамыту екендігі жайлы студенттермен сұхбаттасты.

 

      

 

 

 


Ақпаратты дайындаған: Бейсбекова Ж.Б.