қазақша · русский · english
 
 
 
18.12.2019

«Жүректерді музыкамен толтырайық»


2019 жылдың 12 желтоқсанында дәстүрге айналған орыс бөлімінің 1 курс (3 жылдық) студенттерінің фортепианолық музыка концерті өтті. Оны педагогика және психология институтының педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Маханова А.К. ұйымдастырды. Концертте балалар әндері, қазақтың халық әуендері, Батыс Еуропа композиторларының шығармаларынан үзінділер, сондай-ақ кинофильмдерден танымал әуендер орындалды. Концерттің тақырыбы мен сценарийін студенттер құрастырып, дайындады. Студенттер залды безендіруде, жаңа жыл алдындағы көңіл-күйді білдіруде, шығармашылық өрлеуде ерекше өнерлерін көрсетті.

 

Өткізілген іс-шараға қатысқан қонақтардың арасында педагогика және психология институтының директоры Б.А.Әлмұхамбетов, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Ақжолова, директордың ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Б.М.Мажинов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Т.Ыдырысов, кафедра оқытушылары, студенттер, фортепианолық музыканы жақсы көретін көрермендер болды. Бұған дейін белгілі бір музыкалық аспапта ойнауды үйренбеген студенттер қысқа мерзім ішінде фортепианода ойнаудың алғашқы дағдыларын жеткілікті дәрежеде меңгеріп, өздерінің өнерлерін көрермендердің назарына ұсына алды. Студенттердің орындаулары тыңдаушылардың жүрегін қозғады. Концерттен біраз шаршаған, бірақ өз өнерлерімен рахаттану сезіміне бөленген студенттер өздерінің әсерлерімен бөлісіп, суретке түсіп, біразға дейін тарқағысы келмеді. Концертті үш тілде жүргізгендер: Оразымбет Ақтолқын, Сағымжанова Камилла, Селимова Зарина. Концертке қатысқан келесі студенттер Илахунова Азизам, Оразымбет Актолкын, Сагымжанова Камилла, Сайполдаева Марина, Селимова Зарина, Шалапанова Карина және Школдина Елена.

 

   




Кері оралу