қазақша · русский · english
 
 
 
03.03.2020

Оқушыларға арналған «Stem-фестиваль» өткізілді

 

Қазіргі кезде жаңа технологиялар ХХІ ғасырдың бәсекеге қабілетті факторларының маңызды бағыты ретінде анықталған. Білім беру аясында математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын барлық білім деңгейлерінде көтеру керектігі туралы көптеп айтылуда, ол өз кезегінде жастарды жаңа технологиялық заманға дайындауға қажетті шарттарды қамтамасыз етеді. Бүгінде STEM-технология білім берудің өзекті бағыттарының бірі ретінде оқытудағы интеграцияланған амалдарды тиімді шешуде. Педагогика және психология институты бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында профессор А.Е. Жұмабаева басшылығымен «Stem-фестиваль» дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

 

2020 жылдың 27 ақпанында «МЕКТЕП-ЖОО» ынтымақтаса әрекет ету жұмыс жоспарына сәйкес №201 мектеп-гимназиясында кафедра аға оқытушылары PhD, А.Н.Умирбекова мен п.ғ.м. А.С.Тазабекованың ұйымдастыруымен «Stem-фестиваль» өтті. Берілген технология білім алушылардың қызығушылығын инженерлік және жаратылыстану ғылымдары бағытында арттырады, зерттеушілік әлеуетін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер береді.

 

Іс-шара мақсаты - қазіргі технологияларды зерттеуге білімалушыларды ынталандыру және тәжірибедегі өзекті міндеттердің тиімді шешімін таба алу біліктерін дамытады. Бұл іс-шараға Р.М. Қоянбаев атындағы топ (БОПӘ 2 курс, қазақ бөлімі студенттері) және №201 мектеп-гимназиясының 4 «ә» сынып оқушылары белсенді түрде қатысты. Бастауыш мектеп 43 оқушысы 4 бағыт бойынша кіші-топтарда жұмыс жасады: ғылым, технология, инженерия, математика.

 

Фестиваль қорытындысы бойынша оқушылар университет ректорының қолымен арнайы дипломдармен марапатталды. Біз фестивалге қатысқан барлық оқушылар, мұғалімдер, басшылыққа ризашылығымызды білдіре отырып, алдағы бірлескен жұмысымызға табыс тілейміз. Сонымен қатар №201 мектеп-гимназияға фестиваль ұйымдастыруда қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз!

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу