қазақша · русский · english
 
 
 
14.04.2020

Абай атындағы ҚазҰПУ магистранттары Сәтбаев оқуларына қатысты

 

2020 жылы 12 сәуірде Сәтбаев университетінде Қ.Сәтбаевтың туған күніне орай өткен жас ғалымдардың «Сәтбаев оқулары-2020» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясына Абай атындағы ҚазҰПУ Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша білім алатын 2-ші курс магистранттары Жазира Қажымұхан (ғылыми жетекшісі п.ғ.к. С.А.Нұржанова), К. Жақанбай, К. Насурллаева (ғылыми жетекшісі п.ғ.к., қауымд.профессор Г.Т. Садуақас), Г. Джексенбаева, Қ. Төребекова (ғылыми жетекшісі п.ғ.к. А.С. Стамбекова) қатысты.

 

Біздің магистранттардың қатысуы сәтті өтті. Қажымұхан Жазираның «Көптілділік - көпмәдениетті тұлға тәрбиелеудің негізгі шарты» тақырыбындағы баяндамасы конференция қатысушылар арасында қызығушылық тудырып, конференция қорытындысы бойынша үздік баяндамашы атанды.

 

   




Кері оралу