қазақша · русский · english
 
 
 
03.06.2020

Педагогикалық білім беру бойынша халықаралық форум

 

2020 жылы 27 мамырмен 9 маусым аралығында Қазан қаласында (Татарстан, РФ) «Трансформация, таңдау және сын-қатерлер дәуіріндегі педагогикалық білім берудің келешегі мен басымдықтары» педагогикалық білім беру бойынша VI Халықаралық форум өтіп жатыр, онда ғылыми-педагогикалық зерттеулер мәселелері, инновациялық педагогикалық білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің перспективалық нысандары, білім беру технологиялары саласындағы жаңа әзірлемелермен жетістіктер туралы мәселелер талқылануда. IFTE-2020 Қазан университетінің алаңында педагогикалық білім беру саласындағы 132 ресейлік және 74 шетелдік университеттер мен ғылыми ұйымдардан 600-ден астам үздік зерттеушілерді жинады.

 

Форум жұмысына Педагогика және психология институты Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының оқытушылары Азатгүл Кдырбаева мен Екатерина Рябова «Мұғалімнің кәсіби сапасы ретінде оқыту мен өзін-өзі жетілдіру қажеттілігі» тақырыбы бойынша онлайн сөз сөйледі.

 

Азатгүл Ахметқызы мен Екатерина Владимировна осы форумның жұмысына алғаш рет қатысып, өз тәжірибелерін жария етіп, мектептер мен жұмыс істеу шеңберінде жүргізіліп жатқан зерттеулерді көрсетіп отыр.

 

Институт басшылығы форум жұмысына келесі жылы осы кафедраның басқа да оқытушылары қатысады деп үміттенеді. Бұл өте пайдалы іс-шара.

 

   


 




Кері оралу