қазақша · русский · english
 
 
 
09.11.2020

Олимпиада-2020: Абай атындағы ҚазҰПУ командасы үшінші орынды иеленді

 

2020 жылдың 5 қарашасында Түркістан қаласындағы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері арасында XII Республикалық пәндік олимпиада онлайн форматта өтті. Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының орыс бөлімінің студенттері 4 курс-Чевган Ирина, Ткачева Алина, 3 курс-Лаврова Мария, Манахова Анастасия белсенді қатысты.


Бұл олимпиада бірнеше турдан тұрды:

1. «Құзіретті, кәсіби білікті бастауыш сынып мұғалімінің заманауи бейнесі». Топ визиткасы.

2. Ғылыми жоба: «Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану».

3. «Жаңартылған білім беру жағдайында оқу үдерісін ұйымдастыру сайысы». Бейне-сабақ түсіру.

 

Бұл олимпиадаға Республикамыздың 9 командасы қатысты. Оның ішінде «Бастау» командасының орыс бөлімінің студенттері III орын алды. Команда жетекшісі: аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Мариям Бекбаева.

 

Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу ісі жөніндегі вице-президенті Өмірбек Үмбетовтың басшылығымен қазылар алқасының назарына «Бастау» командасының орыс бөлімінің студенттері мемлекеттік тілді еркін меңгергендері ерекше назар аударды.

 

 

   

 

   

 

   




Кері оралу