қазақша · русский · english
 
 
 
20.12.2020

Фортепиано музыкасының концерті

 

2020 жылы 15 желтоқсанда ҚазҰПУ-дың доценті Аскен Маханованың жетекшілігімен 2-ші курс «БОПӘ» мамандығы көптілділік студенттерінің «Қыс шабыты» және орыс бөлімінің «Через тернии к звездам» тақырыбында фортепианолық музыкадан концерттері өткізілді. Концертте мамандық студенттері бір семестрде онлайн форматында үйренген музыкалық шығармалары аспапта орындалды. Концерт сценарийі фортепиано аспабымен танысудың және оны меңгерудің қиын жолын көрсетті. Концерт онлайн форматта өтті. Студенттер өздері үшін жаңа болып табылатын «Аспаптық дайындық» пәнін игерудің қызықты жолдарын көрсетті. Студенттер кішігірім қойылымдар, сонымен қатар бастауыш мектеп репертуарындағы әндерді орындады. Қысқа мерзімге (бір семестр), интернеттегі оқытуға, музыкалық аспапқа, фортепианоға қол жеткізудегі қиындықтарға қарамастан, студенттер аспапты жеткілікті деңгейде меңгергендіктерін және музыкаға деген құштарлығын көрсетті! Концертымыздын қонақтары: топ эдвайзеры Исмагулова Р.С., Акпаева А.Б., оқытушылар Камза Г.Б., Тазабекова А.С., Жумаш Ж.Е., Э.Уайдуллакызы және тағы басқалар өз ризашылықтарын білдіріп, біздің орындаушыларға жылы сөздерін айтты.

 

   

 

   




Кері оралу