қазақша · русский · english
 
 
 
02.03.2021

Мектеппен жұмыс

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтындағы «Бастауыш білім беру бағдарламалары» кәсіби даярлау бөлімі А.А. Кдырбаева және Е.В. Рябовалардың ұйымдастыруымен Қапшағай қаласындағы Ә.Жұбанов атындағы №5 орта мектеппен «Кіші мектеп оқушыларын зерттеушілікке оқыту әдістемесі» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинарлар сериясын бастады. Мектеппен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды ( Е.В. Рябованың бастамасымен) және ағымдағы оқу жылына арналған семинарлар жоспары құрылды. Бірінші семинар өткізіліп, онда келесі мәселелер қаралды:

1. Қазіргі мектептегі бастауыш мектеп жасындағы бала.

2. Қазіргі білім беруді жаңғырту.

3. Жобалау адам іс-әрекеті ретінде.

 

Семинарлар мұғалімдердің практикалық әрекетімен қатар жүреді. Бірлескен жұмыс нәтижесінде бастауыщ мектеп оқушыларының жобалары жасалады.

 

   




Кері оралу