қазақша · русский · english
 
 
 
26.04.2021

Музыкалық жол: «Музыка» мамандықтарының студенттеріне арналған онлайн-концерт

 

2021 жылғы 24 сәуірде Педагогика және психология институты «Музыкалық аспап (фортепиано)» пәнінен 2-ші курс 3 жылдық бөлімі студенттерінің «Музыкалық жол» тақырыбында қорытынды онлайн-концерті болып өтті. Концертте ҚазҰПУ доценті Аскен Маханованың жетекшілігімен ұйымдастырылған аталмыш курс студенттері: Илахунова Азизам, Сағыжанова Камилла, Школдина Еленалар өзінің өнерлерін көрсетті. Студенттер концертте оқу жылындағы үйренген аспапты меңгеру және музыкалық шығармаларды көркем орындау нәтижелерін көрсетті. Студенттер фортепианодағы концерттерінен үзінді қойылымын орындады. Олар тыңдармандарды фортепиано аспабын жетік және еркін меңгерулерімен таң қалдырды. Орындалатын музыкалық шығармаларға кіріспесімен қатар ақпараттық презентациялар ұсынылды. Студенттер сабақ барысында нотамен үйренген, әуендер ойналды.

 

Концерт қонақтары өздерінің әдеби шығармадан орындаушылардың музыкалық және аспапта ойнаудың техникалық мүмкіндіктерінен алған әсерімен бөлісті. Қысқа мерзім және онлайн білім алу шынымен де музыкамен айналысатын адамдарға кедергі жасамайтындығын студенттер дәлелдеді.

 

Концертке кафедраның оқытушылары Қамза Г.Б, Рябова Е.В және БОПӘ мамандығының студенттері қатысты.

 

   




Кері оралу