қазақша · русский · english
 
 
 
28.04.2021

«Сабаққа презентация» халықаралық конкурсы

 

3-4 курс студенттері арасында өтетін жыл сайынғы «Сабаққа презентация» халықаралық конкурсына қорытынды жасалды. Бұл конкурс болашақ оқытушыларға ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға, олардың кәсіби шеберліктерін көтеруге септігін тигізеді; компьютерлік ақпараттық технологияларды енгізу қажеттілігін өзектендіреді; компьютерлік және дәстүрлі оқыту тәсілдері көмегімен білім беру процесінің тиімді көтерілуіне әсерін тигізеді. Конкурсқа Абай атындағы ҚазҰПУ, Пермь қаласының мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің, В.М. Шукшин атындағы Алтай мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің, Волгоград қаласының мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің және Слупск қаласының Помор академиясының студенттері өз жұмыстарын ұсынды.

 

Конкурс нәтижесінде қазылар алқасы (І, ІІ, ІІІ орын) әр номинация бойынша жүлдегерлерді анықтайды:

- «Математика сабағына үздік презентация»;
- «Орыс тілі сабағына үздік презентация»;
- «Әдебиеттік оқу сабағына үздік презентация»;
- «Дүниетану сабағына үздік презентация»;
- «Жаратылыстану сабағына үздік презентация»;
- «Көркем еңбек сабағына үздік презентация»;
- «АҚТ сабағына үздік презентация»;
- «Ағылшын тілі сабағына үздік презентация».


Қазылар алқасы: жоғары санаттағы бастауыш пәнінің мұғалімдері: Карамергенова Л.Б., Шереметова В.А., Козленко А.С., Джанзакова Д.Д., Медетбекова З.О., Дерикошма М.Н. жүлдегерлерді анықтады.

 

«Математика сабағына үздік презентация» номинациясы бойынша жеңімпаздар: 1 дәрежелі диплом - Огар Анелина (ВМӘПУ), Оралова Анна (ПМГПУ), Лаврова Мария (Абай атындағы ҚазҰПУ), Нагимова Сурая (Абай атындағы ҚазҰПУ), Чайкина Татьяна (Абай атындағы ҚазҰПУ); 2 дәрежелі диплом - Михайленко Нина (ВМӘПУ), Аксенова Анастасия (ВМӘПУ), Манахова Анастасия (Абай атындағы ҚазҰПУ), Махамедиева Ситора (Абай атындағы ҚазҰПУ), Қожахмет Арайлым (Абай атындағы ҚазҰПУ); 3 дәрежелі диплом - Галицкая Татьяна (В.М. Шукшин атындағы АМГПУ), Плотникова Светлана (ПМГПУ).

 

«Орыс тілі сабағына үздік презентация» номинациясы бойынша жеңімпаздар: 1 дәрежелі диплом - Сидорок Елена (Янка Купала атындағы ГРМУ), Ахмарова Лилиана (ПМГПУ); 2 дәрежелі диплом - Пантюшова Лилия (ПМГПУ), Плотникова Светлана (ПМГПУ), Щукина Инга (ПМГПУ), Жигалова Алена (Абай атындағы ҚазҰПУ); 3 дәрежелі диплом - Перадзе Мариам (ПМГПУ).

 

«Әдебиеттік оқу сабағына үздік презентация» номинациясы бойынша жеңімпаздар: 1 дәрежелі диплом - Манақбай Аяулым (Абай атындағы ҚазҰПУ); 2 дәрежелі диплом - Лунегова Инга (ПМГПУ), Мәдени Аружан (Абай атындағы ҚазҰПУ); 3 дәрежелі диплом - Рахматулина Регина (ПМГПУ), Гаипова Динара (Абай атындағы ҚазҰПУ).

 

«Жаратылыстану (қоршаған әлем) сабағына үздік презентация» номинациясы бойынша жеңімпаздар: 1 дәрежелі диплом - Дятчик Светлана (Янка Купала атындағы ГРМУ), Лямина Елена (ПМГПУ), Троян Инна (Янка Купала атындағы ГРМУ), Алдаберген Айжан (Абай атындағы ҚазҰПУ); 2 дәрежелі диплом - Садыкова Ирина (ПМГПУ), Саксановская Мария (ПМГПУ), Цепенщикова Дарья (ПМГПУ).

 

«Көркем еңбек сабағына үздік презентация» номинациясы бойынша жеңімпаз: 1 дәрежелі диплом - Шубина Анастасия (ПМГПУ).

 

«Ағылшын тілі сабағына үздік презентация» номинациясы бойынша жеңімпаздар: 2 дәрежелі диплом - Мосина Ольга (В.М. Шукшин атындағы АМГПУ); 3 дәрежелі диплом - Горват Анастасия, Турчина Екатерина, Сырова Карина (Помор академиясы, Слупск).

 

   

 

   




Кері оралу