қазақша · русский · english
 
 
 
11.11.2021

«In the world of fairy- tale» рөлдік конкурсы өтті


2021 жылдың 9 қарашасында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институты Бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімінің аға оқытушысы, Ph.D Туралбаеваның ұйымдастыруымен «Бастауыш білім ағылшын тілінде» 2-курс; «Бастауыш білім көптілділікпен» 2-курс студенттері арасында «In the world of fairy- tale» атты рөлдік конкурсы өткізілді. Конкурс барысында студенттердің өз білімдерін баламалы бағалауға мүмкіндік беріліп, ағылшын тілінде ойлау және сөздерді дұрыс қолдана алуын бақылап, лингвистикалық білімділік кругозоры жетілдірді. Тіл үйренуге мотивациялары арта отырып, жеңімпаздар белгілі болды.


Конкурс жеңімпаздары І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табыс етіледі. ІІІ дәрежелі дипломмен «Diamonds girl» тобы мүшелері: Балабек Айда, Беркін Салтанат, Шаймерденова Аружан, Ерболатқызы Арна, Турсынбай Дильназ, иеленсе, ал ІІ дәрежелі дипломмен «TheBest» тобы мүшелері: Мергенова Аружан, Мирзахметова Азиза, Әміржан Алина, Төлен Аяулым және «Cotton girls» тобы мүшелері: Беккожанова Дана, Рамазановва Гулбану, Рулыелі Сымбат иеленді. І дәрежелі дипломмен «Shiny girls» тобы мүшелері: Мирзатайқызы Іңкар, Мұхамеджан Қасиет, Тұрғанбай Жанерке, Рысқұл Дана, Талипқызы Альсина, Тәліпханова Нұрай марапатталды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу