қазақша · русский · english
 
 
 
10.12.2021

 «Time capsule» тақырыбында диспут өткізілді

 

2021 жылдың 9 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институтында, «8D013-пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау» мамандығы бойынша 3 курс докторанты Г.С. Махарова  «Time capsule» тақырыбында «Бастауыш білім ағылшын тілінде»  ББ 2 курс студенттерімен диспут өткізді.

 

Студенттер тақырыпқа қатысты деректі видеофильмдер көріп, жеке «уақыт капсуласын» құрастырды. Диспут барысында уақыт капсуласы мен оның ерекшеліктеріне қатысты түрлі мәселелер талқыланды (балалық шаққа саяхат, таңдау жасау, мақсат қою, жоспарлау және жүзеге асыру, кезеңдерге бөлу, хронология, өткенмен салыстыру, мәселе шешу, есеп беру). Студенттер «тез тап» сөздік ойынын ойнады.

 

Аталмыш шараның мақсаты - студенттердің  жеке тұлғалық әлеуетін, дискурстік және прагматикалық құзыреттіліктерін дамытуға ықпал ету.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу