қазақша · русский · english
 
 
 
13.12.2021

Өндірістік практиканың 1-жартыжылдығы бойынша қорытынды конференция


2021 жылдың 11 желтоқсанында « 5В010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-курс (3жылдық) және 4-курс студенттерімен өндірістік практиканың 1-жартыжылдығы бойынша қорытынды конференция өтті. Конференцияны бастауыш білім беру бағдарламаларының жетекшісі, профессор А.Е.Жұмабаева ашып, болашақ бастауыш сынып мұғалімін кәсіби даярлаудың маңызды кезеңі ретінде өндірістік практиканың 1-жартыжылдығының нәтижелі аяқталуымен құттықтады.


Конференцияда студенттер практика бағдарламасына сай жүргізген жұмыстарының есебін әр мектеп бойынша таныстырылым, бейнероликтер түрінде ұсынып, жеткен жетістіктерімен бөлісті.


Практика жетекшілері мен педагог, психологтар студенттердің өндірістік практика барысындағы кәсіби іс-әрекетін талдап, баға берді. Практиканы үйлестіруші аға оқытушы Омарова Гульнара Жолдасқызы педагогикалық практика бойынша студенттердің қорытынды бағасын жариялады.

 

   

 

   




Кері оралу