қазақша · русский · english
 
 
 
20.12.2021

«Тәуелсіздік тұтқасы - бізге аманат» іс-шарасы

 

2021 жылдың 16 желтоқсанында «6B01303-Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» мамандығының 1 курс студенттері халқымыз үшін ең қасиетті де қастерлі тәуелсіздікке 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздік тұтқасы - бізге аманат» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.


Іс-шараға 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына куә болған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлектері Елубек Мамырбекұлы, Қоқиланов Қабдолла, Қызылорда облысының тумасы Кемелова Қатира және университет оқытушылары мен 1 курс студенттері қатысты. Студенттер желтоқсан қатысушыларына сұрақтар қойып, болған оқиғаларды өз ауыздарынан есітті. Сонымен қатар ардагер ұстаз, профессор Б.Ә. Әлмұхамбетов сол жылдары болған сұрапыл оқиғалардың куәсі болғанын айтты.


Іс-шара соңында топ эдвайзері Базарбекова Рабиға Жолшықызы қатысушыларға ізгі тілектерін айтып, алғыс білдірді.

 

   

 




Кері оралу