қазақша · русский · english
 
 
 
04.03.2025

Бастауыш білім беру кафедрасы докторанттарының педагогикалық тәжірибесін ұйымдастырудағы жаңа тәсілдер

 

2025 жылдың 2 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ бастауыш білім беру кафедрасы 2-курс докторанттарының педагогикалық тәжірибесін аяқтады. Тәжірибе барысында заманауи ғылыми-әдістемелік тәсілдер жүзеге асырылды. Жаңа бастамалардың бірі - «PRO педагогика: болашақ мұғалімдерді қалай оқыту керек?» атты ғылыми-әдістемелік подкасттарды әзірлеу және оларды кафедраның әлеуметтік желілерінде жариялау болды. Бұл жобаны докторанттар тәжірибе жетекшісі Лебедева Л.А. және ғылыми жетекшілері Жұмабаева А.Е., Амирова А.С., Аренова А.Х., Нұржанова С.А., А.Т.Туралбаевамен бірге орындады.

 

https://www.instagram.com/reel/DGtHEG7I6p8/?igsh=MXRscTJyeGt4bjMzMA==

https://www.instagram.com/reel/DGats59Itim/?igsh=cGFtYjZzNGl3NDB0

https://www.instagram.com/reel/DGkBJdro7g7/?igsh=MWpqNnd4bzg1OTcybQ==

https://www.instagram.com/reel/DGkIh1NojL0/?igsh=MXhzYW83djh1c2lsNQ==

https://www.instagram.com/reel/DGkT6vKIVm8/?igsh=MW05Z241YXhuOW55YQ==

 

Докторанттар магистранттармен және оқытушылармен бірге қазіргі заманауи педагогикалық білім берудің өзекті мәселелерін талқылады. Подкаст шығарылымдарында докторанттардың оқыту үдерісінде кездескен негізгі мәселелері көтеріліп, практикалық шешімдер мен әдістемелік ұсыныстар берілді.

 

Тәжірибе соңында магистранттармен сабақ сапасын бағалауына бағытталған қорытынды сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде магистранттардың 80%-дан астамы сабақтарға қанағаттанғанын білдірді; 90%-дан астамы қолданылған оқыту әдістерінің тиімділігін атап өтті, 94%-ы докторанттардың жақсы дайындығын бағалады; 80%-ы материалдың түсініктілігінің жоғары деңгейде болғанын көрсетті; 60%-дан астамы сабақтардың интерактивтілігі жоғары екенін атап өтті; 90%-дан астам респонденттер сабақтардың олардың практикалық дағдыларын дамытуға ықпал еткенін растады.

 

Сонымен қатар, сауалнама оқыту әдістерінің кейбір аспектілерін жетілдіру, интерактивтілікті арттыру және ұйымдастырушылық мәселелерді жақсарту қажеттілігін де көрсетті.

 

Жалпы, докторанттардың педагогикалық тәжірибесі бастауыш білім беру саласындағы мамандардың жоғары деңгейде дайындалғанын дәлелдеді және білім беру үдерісіне қатысушылар арасында тәжірибе алмасуға ықпал етті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу