қазақша · русский · english
 
 
 
05.03.2025

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған шағын оқу семинары өтті

 

2025 жылғы 4 наурызда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан AP19680117 «Бастауыш сынып оқушыларының интеллектісін дамытуға бағытталған нейродидактикалық контент әзірлеу» жобасы аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған шағын оқу семинары өтті.

 

Семинарға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары, Алматы қаласындағы №185 мектеп-гимназиясы мен «Ozat School» жеке меншік мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

 

Семинар барысында №185 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері - Құралай Игенбердиева  (1 «Ә» сынып) мен Қалдан Тыныштықбекова  (3 «Ғ» сынып) «Нейрожаттығулар» элективті курсына негізделген дидактикалық оқу құралдарымен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, зерттеуге қатысушы мұғалімдер қалыптастырушы эксперименттің алғашқы нәтижелерін таныстырды.

 

Жоба мүшелері - Базарбекова Р.Ж. және Калбергенова Ш.Б. семинар қатысушыларына элективті курс бағдарламасындағы оқу мақсаттарын және 1-4 сыныптарға арналған «Нейрожаттығулар» дидактикалық оқу құралдарының мазмұнын түсіндірді. Сондай-ақ әр тапсырма мен жаттығудың қандай мақсатта әзірленгені туралы толық ақпарат берілді.

 

Семинар соңында алдағы зерттеу жұмыстарының жоспары талқыланып, бірлескен іс-шараларды жалғастыру туралы уағдаласты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу