қазақша · русский · english
 
 
 
07.03.2025

«Ағылшын тілі шекарасыз: болашақ педагогтарды оқытудың коммуникативтік стратегиялары» әдістемелік семинары


2025 жылғы 6 наурызда ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру шеңберінде Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті бастауыш білім беру кафедрасында әдістемелік семинар өтті. Іс-шараны кафедраның аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Динара Найманова ұйымдастырды.


Семинар «6B01304 - Бастауыш білім көптілділікпен» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналды. Аталған бағдарлама бірнеше тілді меңгерген, оқытудың интегративті әдістемелерін тиімді қолдана алатын жоғары білікті педагогтарды даярлауға бағытталған.


Семинарда ағылшын тілін оқыту саласындағы сарапшы, Алматы қаласының жоғары оқу орындарының оқытушысы, педагогтардың кәсіби дамуы бойынша тренер, сондай-ақ Study Inn халықаралық білім беру холдингінің оқу материалдары мен білім беру бағдарламаларын әзірлеуші Гүлнар Бекжанова баяндама жасады.


Семинар барысында «Communicative Function» және «Communicative Purpose» мәселелері қарастырылды. Ұсынылған материалдар жоғары әдістемелік маңыздылығымен ерекшеленіп, ағылшын тілін оқытудың коммуникативтік аспектілерін тереңірек түсінуге ықпал етті. Студенттер семинарға белсенді қатысып, заманауи білім беру тәсілдеріне деген қызығушылықтарын көрсетті.


Бұл іс-шара бастауыш білім беру педагогтерін кәсіби даярлауда маңызды қадам болды. Баяндамашыға жемісті ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіре отырып, әдістемелік және ғылыми-білім беру саласындағы әріптестігіміздің одан әрі жалғасатынына сенім білдіреміз.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу