Бастауыш білім беру кафедрасы | ![]()
11.03.2025
Бастауыш сынып оқушыларына арналған V Республикалық өлкетану математикалық есептер байқауының қорытындысы шығарылды
Бастауыш білім беру кафедрасы бесінші жыл қатарынан бастауыш сынып оқушыларының байқауын өткізуде. Бұл байқауға бастауыш сынып математикасы мектеп курсының бағдарламасына сәйкес келетін және туған өлке өмірінің әртүрлі аспектілерін қамтитын өлкетану материалдары бар сюжеттік математикалық есептер қабылданады.
Байқау қашықтықтан төрт жас тобында (1-4 сынып оқушылары) орыс, ағылшын және қазақ тілдерінде өткізілді. Байқауға 85 оқушы қатысты. Оның 66-сы Алматы қаласынан, қалған қатысушылар Қазақстанның басқа қалалары мен аймақтарынан болды. Мәскеу облысы оқушыларының да жұмыстары қаралды.
Қатысушылар жеті номинация бойынша бақ сынасты: «Туған өлкенің сәулет өнері (архитектурасы)», «Менің қаламның (ауданымның, ауылымның) мәдени өмірі», «Менің қаламның (ауданымның, ауылымның) спорттық жетістіктері», «Менің өлкемнің тарихы», «Ұлы Отан соғысы кезіндегі менің халқымның ерлігі», «Менің өлкемнің географиясы», «Менің кіші Отанымның атақты тұлғалары».
Байқаудың қазылар алқасы құрамына бастауыш білім беру саласындағы сарапшылар енді. Қазылар алқасы тобында 10 тәжірибелі педагогтар болды, олар: Лебедева Л.А. - п. ғ. к., Абай атындағы ҚазҰПУ бастауыш білім беру кафедрасының профессоры; Агеева Л.Е. - п.ғ.к., ҚазҰлтҚызПУ мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессоры; Агранович Е.Н. - PhD, ҚазҰлтҚызПУ мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессоры; Рябова Е.В. - ипедагогика магистрі, Абай атындағы ҚазҰПУ бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы; Скрепчук Л.Т. - Алматы қаласы № 130 мектептің бастауыш сынып мұғалімі; Астамбаева Ж.К. - PhD, Абай атындағы ҚазҰПУ бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы; Джанкенова А.К. - Алматы облысы, Қарасай ауданы, Бекболат ауылы, "Қапал Батыр атындағы орта мектеп" муниципалды мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші; Раисова С.Р. - Алматы қаласы №15 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі; Обулгазиева З.А. - Алматы қаласы №15 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі; Естемес К.А. - Алматы қаласы №144 мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагогика магистрі.
Байқауды ұйымдастыру комитетінің 4 мүшесі бар, олар: п.ғ.к., бастауыш білім беру кафедрасының профессоры Әсел Акпаева және 1 курс студенттері Ольга Скрепчук, Айжан Бекжанова, Дарья Лиманская.
Қазылар алқасы мен байқаудың ұйымдастыру комитеті мүшелері бастауыш білім беру саласындағы кәсіби сарапшылар мен мамандар болып табылады, байқау жоғары ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейде өтті.
Байқауға жауаптылар: п.ғ.к., Бастауыш білім беру кафедрасының профессорлары Әсел Ақпаева, Лариса Лебедева.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|