қазақша · русский · english
 
 
 
15.11.2017

 

«МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ - ПЕДАГОГ» тақырыбында эссе жазудан халықаралық байқау (қараша 2017)


Биыл үшінші жыл қатарынан бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы Қазан федералды университеті және Б.Гринченко атындағы Киев университетінің педагогикалық институтымен бірлесе отырып, «Менің мамандығым - педагог» атты эссе байқауын өткізіп келеді.
Эссе арқылы студенттердің шығармашылық әлеуеті ашылып, таңдаған мамандығы бойынша өзін-өзі нақтылауына және өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік жасалады. Бұл байқауға 1-курс студенттері қатысады. Бізге, оқытушыларға, студенттердің мамандықты таңдауына не әсер еткенін білу өте маңызды. Олар өздері жазған эсселерінде таңдаған мамандығына қызығушылық танытып, осы мамандық бойынша өздерін жетілдіруге ниет білдіреді.
Қазылар алқасы, ф.-м.ғ.к., профессор Қдырбаева А.А., п.ғ.м. Рябова Е.В., п.ғ.м. Бекбаева М.Т., М.Бегалин атындағы №120 КММ-нің жоғары санатты мұғалімдері Дерикошма М.Н. және Ниязбакиева А.Н., жеңімпаздарды анықтауға байыппен қарады.
Біздің студенттер жүлделі орындарды иеленді:
I орын - Бекмұратқызы Улнара (қ/б) и Кадырова Юнэль (о/б)
II орын - Абдувалиева Дильназ (қ/б) и Гасанова Халида (о/б)
III орын -Ардак Аружан (қ/б) и Ткачева Алина (о/б).

 




Кері оралу