қазақша · русский · english
 
 
 
06.10.2017

 

«Ғылым өрінде»


05.10.2017 жылы сағат Амирова Амина Слямханқызының 60 жас мерейтойына орай «Ғылым өрінде» атты тақырыпта магистранттар мен докторантардың ұйымдастыруымен сайыс өткізілді. Ол үш кезеңге бөлінді. Бірінші кезеңде ғалымның өмірі, ғылыми қызметі жайлы курстастары, сыныптастары, әріптестері Ғ.З.Таубаева, Б.А.Тұрғынбаева, С.Т. Иманбекова, Б.О, Арзанбаева, өзінің өмірінен өте үлкен мағлұмат берді. Екінші кезеңде өзінін жетекшілігімен бітірген докторанттары, магистранттары апайдың өткен өмір жолдарын және берген білімдерін қуана естеріне түсірді. Үшінші кезеңде өзінің туған өңірінен келген видеороликтер апайдың балаға деген қамқорлығын демеушілік таңытканың көрсетті. Ол кештің ерекшелігі, өзінің отбасынан келген сіңілісі Амина Слямхановна мен келіні Светлана ғалым ананың үйде қандай ана екенін танытты. Ұйымдастырушылар: PhD доктор Э.Уайдуллақызы, п.ғ.к., аға оқытушы А.С.Стамбекова, п.ғ.к., аға оқытушы С.А. Нұржанова, п.ғ.маг., аға оқытушы Шарипходжаева Ж.Б.

 

  

 

 




Кері оралу