қазақша · русский · english
 
 
 
18.03.2025

Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас тақырыбында ашық семинар сабақ 

 

2025 жылғы 17 наурызда Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы Бақыткүл Есентаева 1 курс 3 жылдық «6В01303 - Бастауыш білім беру: ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен» және «6В01304-Бастауыш білім беру көптілділікпен» білім беру бағдарламаларының студенттерімен «Бастауыш білім психологиясы, өзара әрекеттесу және коммуникация» пәні бойынша ашық семинар сабағын өткізді.


Сабақтың тақырыбы - «Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас». Сабақтың мақсаты: студенттерге вербалды және вербалды емес қарым-қатынас ұғымын түсіндіру, олардың ерекшеліктерін анықтау, қарым-қатынас түрлерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру.


Сабақ барысында рөлдік ойындар, рефлексия, өзін-өзі бағалау әдістері қолданылды. Студенттер белсенділік танытып, пікір алмасуға қатысып, қарым-қатынас дағдыларын іс жүзінде жетілдіруге мүмкіндік алды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу