қазақша · русский · english
 
 
 
02.02.2017

"Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі"


2017 жылдың 27 ақпанында Педагогика және психология институты "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының 2 курс студенттері халықаралық педагогикалық шеберлік жарысына қатысты.
Бұл жарыс "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" кафедрасы бастамасымен және аға оқытушы Е.В. Рябованың ұйымдастыруымен өтті. Жарысқа қатысуға Қазан федералдық университеті шақырылып онлайн тәртіпте өтті.
Конкурстың мақсаты студенттердің педагогикалық мамандыққа қызығушылығын арттырып, оның дәрежесін өсіру, студенттердің индивидуалды шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жарыстың бағдарламасы келесі міндеттерден құралды:
1. «Визитка»-топты таныстыру;
2. «Мінсіз оқушы»- мінсіз оқушының портреті;
3. Әртістік шеберлік пен педагогикалық техника «Бір-бірімізге «Браво!» делік»;
4. Педагогикалық мәселені шешу.
Абай атындағы ҚазҰПУ мен ҚФУ қатысушылары бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Сарапшылар университетіміздің тобының ауызбіршілігі мен қарсыластың әртістік шеберліктерін атап айтты. Абай атындағы ҚазҰПУ тобы: Кучинина Мария, Журина Анастасия, Бадалова Руфина, Сетямова Дияра, Лысенко Валерия.

 

  




Кері оралу