Бастауыш білім беру кафедрасы | ![]()
19.03.2025
Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдері колледж түлектерімен кездесу өткізді 2025 жылдың 18 наурызында №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінде кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Шараға Абай атындағы ҚазҰПУ бастауыш білім беру кафедрасының п.ғ.м., аға оқытушы Бауыржан Жанкушков және п.ғ.м., оқытушы Динара Сәмбет қатысты.
Кездесу барысында колледж бітіруші курс түлектеріне Абай атындағы ҚазҰПУ-дың білім беру бағдарламалары мен оқу мүмкіндіктері таныстырылды. Презентациялар мен бейнероликтер арқылы университеттің халықаралық серіктестіктері, академиялық артықшылықтары және болашақ педагог мамандарға арналған перспективалар ұсынылды.
Бауыржан Жанкушков колледж түлектеріне «Келешекке бастар жол» атты мотивациялық тренинг өткізіп, кәсіби бағдар таңдаудың маңызды аспектілерімен бөлісті. Ал Динара Сәмбет университеттің халықаралық байланыстары мен академиялық мобильділік бағдарламалары туралы ақпарат берді.
Колледж түлектері мамандық таңдау, әлеуметтік жеңілдіктер және оқуға түсу мүмкіндіктеріне қатысты сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.
Кәсіби бағдар беру жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Гаухар Асубаева және оқытушы Ердоc Байсбаевқа алғысымызды білдіреміз.
Бұл кездесулер болашақ мамандарға бағыт-бағдар беруге ықпал етіп, алдағы уақытта да жалғасады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|