Бастауыш білім беру кафедрасы | ![]()
19.03.2025
Өндірістік практикадан өтуші - білім алушы Алғыс хатпен марапатталды Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Ақтүйеса орта мектебінде өндірістік практикадан өтуші, Педагогика және психология факультетінің 3-курс студенті Асем Калиева білім беру саласындағы белсенділігі мен шығармашылық қабілеті үшін Алғыс хатпен марапатталды. Асем Калиева - Бастауыш білім беру кафедрасының 6В01306 - «Бастауыш білім ағылшын тілінде» білім беру бағдарламасының студенті. Ол 2024-2025 оқу жылында аталған мектепте өндірістік практикасын сұраныс негізінде өтуде. Практика жетекшісі - әдіскер А.Т. Тынысханова.
Практика барысында студент мектепішілік іс-шараларды ұйымдастырып, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинарларға белсене қатысты, көркем сөз оқып, өз өнерін көрсетті. Оның білім саласындағы белсенділігі мен жоғары кәсіби шеберлігі аудандық білім бөлімі басшысы К.С. Искақов тарапынан жоғары бағаланып, мектеп өміріне белсенді араласқаны үшін арнайы Алғыс хатпен марапатталды.
Бұл жетістік болашақ педагог мамандардың кәсіби дамуына, тәжірибесін шыңдауына және білім беру саласына өз үлесін қосуына зор мүмкіндік береді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|