қазақша · русский · english
 
 
 
31.03.2025

«Жаңашылдық әрекетте: бастауыш сыныпта оқытудың заманауи тәсілдері»

 

2025 жылдың 28 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы Шолпан Калбергенова «Бастауыш білім берудегі педагогикалық зерттеулер» пәні бойынша «6В01306 - Ағылшын тілінде бастауыш білім беру» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне «Бастауыш сыныпта оқытудың инновациялық тәсілдері» тақырыбында ашық лекция сабағын өткізді.


Сабақтың мақсаты - студенттерді оқытудың заманауи әдістері мен технологияларымен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен бастауыш сынып оқушыларының дамуына әсерін қарастыру, сондай-ақ білім беру процесіне инновациялық тәсілдерді енгізу дағдыларын қалыптастыру.


Лекция барысында ойын технологиялары, жобалық оқыту, аралас оқыту және бастауыш мектепке арналған цифрлық құралдар сияқты өзекті әдістемелер қарастырылды. Студенттер белсенді түрде пікірталастарға қатысып, педагогикалық практикадан алынған мысалдарды талдады және түрлі инновациялық әдістердің тиімділігін бағалауға мүмкіндік алды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу