Бастауыш білім беру кафедрасы | ![]()
31.03.2025
Педагогикалық идеялар фестивалі
2025 жылдың 28 наурызында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті және Сулейман Демирел атындағы университет арасындағы ынтымақтастық меморандумы негізінде Сулейман Демирел атындағы университетте гуманитарлық ғылымдар кафедрасы «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының оқытушылары - Ляйля Искакова, бағдарлама координаторы Гүлмира Мышбаева және Абай атындағы ҚазҰПУ-нің бастауыш білім беру кафедрасының ассистент профессорлары - Рабиға Базарбекова, Жупат Астамбаеваның қатысуымен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған педагогикалық идеялар фестивалі өтті.
Фестивальге Қаскелең қаласының, Қарасай және Іле ауданының мұғалімдері қатысып, бастауышта оқыту сапасын жақсарту бағытында тәжірибе алмасып, озық идеяларымен бөлісті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|