қазақша · русский · english
 
 
 
16.04.2025

6В013 – «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» XVI Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасының жүлдегерлері


2025 жылдың 09-10 сәуірінде Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 6В013 - «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша «Заманауи ұстаз: интеллект, шабыт, шеберлік!» атты студенттердің ХVІ республикалық пәндік олимпиадасы болып өтті. Олимпиадаға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының 6В013 - «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша 2-3 курс студенттері қатысты. Республика бойынша он сегіз ЖОО-ның студенттері сынға түсті. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «AbaiStar`s» командасы аталмыш додаға қатысып, екінші орын иеленді.


Студенттердің ХVІ республикалық пәндік олимпиадасына қатысып, жүлделі орынға ие болған топ мүшелері Гүлзада Қожан - 3 курс, Аягөз Райымбек - 3 курс, Әсем Қуандық - 2 (3ж.) Адиләм Абликим - 2 (3ж.) білім алушыларына керемет өнер көрсеткені үшін және топты жоғары деңгейде дайындаған топ жетекшісі: PhD., қауымдастырылған профессор м.а Тұралбаева Алмаш Тұрғанбайқызына алғыс айтамыз.


ХVI республикалық пәндік олимпиадасына қатысушыларды 11-сәуір күні бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Азия Жұмабаева қарсы алып, алғысын білдірді.


ХVI республикалық пәндік олимпиадасы студенттердің болашақ мамандығына жан-жақты қызығушылықтарын арттырып, олардың кәсіби-пәндік қабілеттерін шыңдай түсіп, ең білімді жастарды ынталандыруға бағытталады.

 

  alt=  

 




Кері оралу