қазақша · русский · english
 
 
 
24.04.2025

Дуальды оқыту аясында NGS серіктес мектебімен бастауыш сынып оқушыларына арналған «Ертегілік детектив» әдеби шеберханасы


2025 жылғы 23 сәуірде NGS (Жаңа буын мектебі) серіктес мектебінде «Ертегілік детектив» атты қызықты әрі танымдық әдеби шеберханасы дуальды оқыту аясында «Әдебиеттік оқу пәнін оқыту әдістемесі» пәнінен 3 курс студент-интерндерімен (профессор Лариса Лебедеваның жетекшілігімен) ұйымдастырылды. Іс-шараны дайындауға және өткізуге Абай атындағы ҚазҰПУ-нің бастауыш білім беру кафедрасының профессоры Асель Ақпаева мен аға оқытушысы Айым Тынысханова, сондай-ақ 2-сынып мұғалімдері Раушан Бекмұратова мен Ольга Погарская белсенді атсалысты.

 

Әдеби шеберхананың мақсаты - 2-сынып оқушыларының оқу мәдениеті мен логикалық ойлауын қызықты формада, ертегілер әлеміндегі детективтік тергеу арқылы дамыту болды. Іс-шара форматы интерактивті ойын, театрландыру және командалық бәсекелестік элементтерін біріктірді. Оқушылардың құралған 4 топ «тергеу» үшін тапсырмалар алды: ертегінің сюжетін үзінділерден қалпына келтіру, оқиғаның «жоғалған» элементтерін шешу сынды. Оқушылар әдеби мәтіндер бойынша танымын, әр нәрсеге мұқият назар аударуы, топта жұмыс істеуі және логикалық болжамдар жасай алу сияқты қабілеттерін көрсете білді.

 

Іс-шараны ұйымдастырушы студенттер жетекші және модератор ретінде өнер көрсетті. Олар тапсырма жазылған карточкалар мен дидактикалық материалдарды дайындады, осылайша алынған педагогикалық дағдыларды іс жүзінде көрсетті. Сонымен қатар, АКТ дағдыларын пысықтау үшін тамаша мүмкіндік болды: тапсырмаларды ресімдеуде цифрлық иллюстрациялар мен мультимедиялық фрагменттер пайдаланылды. Әдеби шеберхана соңында барлық қатысушыларды естелік дипломдармен марапаттау рәсімі өтті.

 

Жоба Абай атындағы ҚазҰПУ-нің бастауыш білім беру кафедрасы мен NGS серіктес мектебінің (Жаңа буын мектебі) дуальды білім беру аясында тиімді өзара әрекеттесуінің тағы бір сәтті мысалы болды.

 

  alt=  


  alt=  





Кері оралу