Бастауыш білім беру кафедрасы | ![]()
08.05.2025
Абай атындағы ҚазҰПУ 1-курс студенттерінің дуалды білім беру аясындағы өндірістік оқуы мен оқу тәжірибесі
2024-2025 оқу жылында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «6В01302 - Бастауыш білім бизнес-инновациямен» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 1-курс студенттері EPG Prometheus School мектебі базасында өндірістік оқудан және оқу тәжірибесінен өтті. Университет тарапынан жауаптылар - бастауыш білім беру кафедрасының профессорлары Лариса Лебедева және Асель Акпаева. Мектеп тарапынан директордың орынбасарлары Е.В.Черкасская мен Г.И Усманжанова қатысты.
Өндірістік оқу жыл бойына аптасына бір рет өткізіліп, жалпы 140 сағатты құрады. Оқу тәжірибесі (2 апта) бойынша студенттер мектепте 50 сағат болды.
Негізгі міндеттері - студенттердің педагогикалық құзыреттерін қалыптастыру, мамандыққа деген қызығушылықтарын туғызу, бастауыш сынып мұғалімінің қызметтерін тәжірибелік тұрғыдан игеру, оқу және тәрбиелік жұмыстарына қатыстыру. Студенттер сабақтарды бақылады, іс-шараларға қатысты, өздері сабақтар өткізді.
Студенттердің қорытынды есептері 2025 жылғы 5-мамырда мектеп базасында тыңдалды. Тәжірибені бағалау барысында студенттердің жоғары белсенділігі мен бастапқы кәсіби дағдыларының қалыптасқандығы байқалды. Өндірістік оқыту бағдарламасы келесі курстарда жалғасын табады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|