Бастауыш білім беру кафедрасы | ![]()
15.05.2025
Абай университетінің докторанттары Түркия мемлекетінде ғылыми тағылымдамадан өтті 2025 жылдың 14 сәуір мен 14 мамыр аралығында «8D01301 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанттары: Нұрсауле Джанбырбаева, Дина Хабиева, Жадыра Жантасова, Алуа Ибрайханова, Бакыткуль Есентаева, Лаура Қожаханова, Аққалам Жекеева Түркия мемлекеті Анкара қаласындағы Хаджетеппе университетінде ғылыми тағылымдамадан сәтті өтті.
Ғылыми тағылымдама мақсаты - диссертациялық зерттеу тақырыбына сәйкес ғылыми ұйымдарда тәжірибе алмасу және шетелдік кеңесшімен бірге тәжірибе жинақтау.
Докторанттар тағылымдама барысында алдын-ала жасалған бағдарламаға сәйкес жұмыстар атқарды. Хаджеттепе университетінің бастауыш білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу базасымен және профессорлық-оқытушылар құрамымен танысу жұмыстары жүргізілді; ғылыми кеңесшілермен диссертациялық тақырып бойынша кеңестер берілді; кафедра оқытушылары Беррин Акман, Айсел Чобан, Озлем Баш, Дила Нур Языджы, Билге Гөктің дәрістеріне қатысып, тәжірибе алмасып, студенттерімен және білім беру бағдарламаларымен танысты; Анкара қаласы, Чанкая - Ахмет Андичен атындағы бастауыш мектебіне барып, бастауыш білім беру жүйесі бойынша тәжірибе алмасты; Анкарада Халықаралық Мәдениет пен Тіл Зерттеулері ұйымы ұйымдастырған «Түркі дүниесінің бірлігіндегі маңызды қадам - Әліпби бірлігі» атты семинарға қатысты.
Нәтижесінде әр докторант шетелдік ғылыми тағылымдаманың сертификатын алды және халықаралық ғылыми байланыстарын нығайтуға үлкен мүмкіндікке ие болды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|