Бастауыш білім беру кафедрасы | ![]()
03.06.2025
Финляндиядағы педагогикалық тағылымдама: нейродидактикалық жобаны жүзеге асыру тәжірибесі 2025 жылғы мамырдың 19-25 аралығында Финляндияның Ювяскюля қаласындағы «Prime Education Finland» орталығында AP19680117 - «Бастауыш сынып оқушыларының интеллектісін дамытуға бағытталған нейродидактикалық контент әзірлеу» атты гранттық қаржыландыру жобасының мүшелері, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары - Жұмабаева Жазира, Базарбекова Рабиға, Нұржанова Сажила, Стамбекова Әсел және Калбергенова Шолпан тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама барысында қатысушылар педагогикалық шеберлік орталығы ретінде танылған Ювяскюля қаласындағы балабақшаларға, мектептерге және университеттерге барып, білім беру жүйесінің тәжірибесімен танысты. Әсіресе Ювяскюля университетімен (University of Jyväskylä) ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Бұл университет - Еуропадағы педагогикалық зерттеулер мен мұғалімдерді даярлау саласындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Сапар аясында университет оқытушыларымен және басшылығымен кездесулер ұйымдастырылып, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Сонымен қатар тағылымдама қатысушылары финдік сарапшылар өткізген семинарлар мен шеберлік сабақтарына қатысты. Сапар барысында олар инклюзивті білім беру тәсілдерімен, мектепке дейінгі мекемелердегі ерте даму мен педагогика әдістерімен, педагог кадрларды даярлау жүйесімен, пәнаралық оқыту модельдерімен, заманауи білім беру технологиялары және оқу процесін цифрландыру тәжірибесімен танысты.
Финдік спикерлер оқытуды жекелендіру, мектептегі эмоционалдық интеллект, білім беру ортасындағы тұрақты даму, PISA және PIRLS сияқты жаһандық бағалау жүйелері, Финляндиядағы негізгі білім беру мазмұны және STEM интеграциясы, сондай-ақ мұғалімнің оқушыларды ынталандыру мен қолдаудағы рөлі секілді өзекті тақырыптарда дәрістер оқыды.
Тағылымдама қатысушылары сапардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және алынған тәжірибенің кәсіби әрі практикалық маңыздылығын атап өтті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|