қазақша · русский · english
 
 
 
02.09.2025

Көптілді білім беру – заман талабы!


Қазіргі заманда бірнеше тілді меңгеру кәсіби және тұлғалық дамудың маңызды шарты болып табылады. Біздің университет көптілді білім беру бағдарламаларын жүйелі түрде дамытып, болашақ мұғалімдерді көптілді ортада табысты жұмыс істеуге дайындайды.

 

6В01304 - Бастауыш білім көптілділікпен және 6В01306 - Бастауыш білім ағылшын тілінде білім беру бағдарламаларының студенттері шет тілдерін меңгеруде жоғары нәтижелер көрсетуде. Мысалы, 4-курс студенті Маратқызы Наргиз халықаралық IELTS емтиханын 6.0 балл нәтижесімен сәтті тапсырды. Бұл көптілді білім беру бағдарламасының болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудағы тиімділігін дәлелдейді.

 

Бағдарламалар студенттерге қазақ, орыс және ағылшын тілдерін терең меңгеріп қана қоймай, алған білімдерін кәсіби салада қолдануға да мүмкіндік береді. Пәндерді кіріктіре оқытуға баса назар аударылады, бұл студенттердің ағылшын тілінде еркін сөйлесуіне, күрделі грамматикалық құрылымдарды меңгеруіне және кәсіби сөздік қорын кеңейтуіне ықпал етеді.

 

Көптілді білім беру бағдарламасы студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашады: көптеген түлектер магистратурада оқуын сәтті жалғастырып, елеулі жетістіктерге жетуде. Бұл университеттегі дайындық сапасының жоғары деңгейін айқын дәлелдейді.

 

 

 

  alt=  




Кері оралу