
Бастауыш білім беру кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Бастауыш білім беру кафедрасы / Жаңалықтар
07.12.2025
ПРОФЕССОР БАХЫТ ӘЛІПОВАМЕН ЖЕКЕ КЕҢЕС БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТТІ
2025 жылғы 4 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Бастауыш білім беру» кафедрасында Кентукки университетінің (АҚШ) және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (Қазақстан) профессоры Бахыт Әліпованың қатысуымен бірқатар жеке консультациялық кездесулер өтті. Сапар барысында профессор Әліпова кафедраның докторанттары мен магистрантына ғылыми зерттеу жұмыстарының теориялық негіздері, әдіснамасы және зерттеу тәсілдері бойынша кеңес берді. П.ғ.к, профессор Амина Амированың ғылыми жетекшілігіндегі 1-курс докторанты Айгерім Мирзакуловамен « Бастауыш сынып оқушыларының оқу тәжірибесін жобалау (Learning eXperience Design) арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбы талқыланды. Докторант Мариям Бекбаева мен оның ғылыми жетекшісі п.ғ.к, профессор Асыл Аренова «Цифрлық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының функционалдық математикалық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбындағы зерттеу бойынша пікір алмасып, профессор Әліпова зерттеу моделін нақтылау және бастауыш білім беруді цифрландыру бағытында ұсыныстар берді. 2-курс магистранты Аружан Мергенова PhD, қауымдастырылған профессордың м.а. Азиза Жунусбекованың ғылыми жетекшілігімен «Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық құзыреттілігін жасанды интеллект құралдары арқылы дамыту» тақырыбындағы жұмысын таныстырды. Профессор Әліпова жұмыстың өзектілігін атап өтіп, AI құралдарын педагогикалық тәжірибеге енгізудің ықтимал бағыттарын көрсетті. Жеке консультациялар жас ғалымдар үшін кәсіби ықпалдастыққа, ғылыми пікірталасқа және жаңа зерттеу идеяларын дамытуға мүмкіндік берді. «Бастауыш білім беру» кафедрасы профессор Бахыт Әліповаға құнды ұсыныстары мен университеттің ғылыми мектебінің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|