
Бастауыш білім беру кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Бастауыш білім беру кафедрасы / Жаңалықтар
08.12.2025
Астана қаласындағы ҚазҰПУ филиалының студенттерімен бірлескен «Brainstorming» сессиялары өтті 2025 жылдың 2-4 желтоқсан күндері «Білім алушылар арасындағы кәсіби коллаборация – университеттік ортада білім алмасу мен зерттеу жүргізудің жаңа форматы» университеттің ішкі гранты бойынша ғылыми-зерттеу жобасы аясында ҚазҰПУ-дың Астана қаласындағы филиалы студенттерімен бірлескен үш күндік Brainstorming-сессиялар өтті. Іс-шараның мақсаты студенттердің кәсіби ынтымақтастығын қалыптастыру, зерттеу мәдениетін дамыту және шығармашылық идеяларды бірлесіп генерациялайтын орта құру болды. Бірінші күні, 2 желтоқсанда «Гарри Поттер әлемі: Білім сиқыры» атты квест-форматындағы сессиямен басталды. Әр факультеттен қатысқан студенттер төрт командаға бөлініп, логикалық, шығармашылық және командалық тапсырмаларды орындау арқылы «білім сиқырының» түрлі кезеңдерінен өтті. Екінші күнгі сессия IQ Test форматы бойынша ұйымдастырылды. Әр факультеттен үш студенттен құралған бес команда интеллектуалдық тапсырмалар орындап, жедел ойлау, талдау және шешім қабылдау дағдыларын көрсетті. Бұл күн студенттердің академиялық қабілеттерін салыстыруға және аналитикалық ойлау деңгейін бағалауға мүмкіндік берді. Үшінші күні, яғни 4 желтоқсанда «Vector_dream» тақырыбындағы шығармашылық жобалар қорғауымен жалғасты. Әр факультеттен бес студенттен жинақталған командалар педагогика саласындағы өзекті мәселелер негізінде «Алғашқы педагогикалық тәжірибе – зерттеу нүктесі ретінде» тақырыбында мини-жобаларын таныстырды. Әр командаға 5 минуттық қорғау уақыты беріліп, студенттер өздері әзірлеген макеттер мен зерттеу идеяларын ұсынды. Жобалар мазмұны практикалық маңыздылығы, креативтілігі және ғылыми негізделуі бойынша бағаланды. Үш күнге созылған бұл Brainstorming-сессиялар студенттердің кәсіби дамуына, командалық жұмысты күшейтуге, сонымен қатар университетаралық академиялық қауымдастықты жандандыруға айтарлықтай үлес қосты. Шара барысында студенттер жаңа идеялармен алмасып, зерттеу жобаларын жасау тәжірибесін жетілдірді және педагогикалық мәселелерді шешудің жаңа көзқарастарын ұсынды. Іс-шараға белсенді қатысқан студенттер «Алғыс хатпен» және әртүрлі сыйлықтармен марапатталды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|