
Бастауыш білім беру кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Бастауыш білім беру кафедрасы / Жаңалықтар
11.12.2025
КЕНТУККИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ (АҚШ) ПРОФЕССОРЫ БАХЫТ ӘЛІПОВА ГЕНЕРАЦИЯЛЫҚ ЖИ ЖӨНІНДЕ WORKSHOP ӨТКІЗДІ/span> «Бастауыш білім беру» кафедрасында зерттеу және білім беру салаларында генерациялық жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдануға арналған ғылыми-практикалық Workshop өтті. Іс-шараны Кентукки университетінің (АҚШ) профессоры, PhD Бахыт Әліпова жүргізді. Workshop барысында профессор Әліпова ЖИ-мен жұмыс істеудің қазіргі әдістерін таныстырып, өнімді prompts құрудың қыр-сырын, сондай-ақ интеллектуалдық жүйелерді зерттеу ұсыныстары мен ғылыми мәтіндер әзірлеу үдерісінде қолдану мүмкіндіктерін көрсетті. Сонымен бірге этикалық талаптарды сақтаудың маңызы, ЖИ арқылы алынған материалдарды дұрыс рәсімдеу және аналитикалық жобаларға арналған құрылымдық frameworks қалыптастыру мәселелері жан-жақты қарастырылды. Workshop интерактивті форматта өтті. Қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, өздерінің prompts үлгілерін әзірлеп, оларды нақты уақыт режимінде тексеріп, генерация нәтижелерін жетілдіру тәсілдерін талқылады. Оқытушылар мен білім алушылар ұсынылған ақпараттың жоғары практикалық маңызын атап өтіп, оның білім берудің цифрлық трансформациясына сәйкес келетінін айтты. Workshop қатысушылардың генерациялық жасанды интеллект бойынша кәсіби білімдері мен дағдыларын кеңейткен маңызды шара болды және заманауи технологияларды білім беру үдерісіне енгізудің өзектілігін айқын көрсетті.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|