қазақша · русский · english
 
 
 
20.11.2018

Студенттері мен магистранттардың 73-ші ғылыми конференциясы

 

2018 жылдың 15 - 16 қарашасында бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенттері мен магистранттарының 73-ші ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға 2-4 курс студенттері мен 1 курс магистранттары қатысты.

 

Конференция барысында жасөспірімдерді оқытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білім беру мәселелері қарастырылды. Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың әр түрлі әдістері мен тәсілдері іс жүзінде көрсетіліп, мәселелерді шешудің әртүрлі жолдары ұсынылды.

 

2-3 курс студенттері арасында жүлделі орындарға ие болған қатысушылар:

1-ші орынға Сабина Хелимахунова;

2-ші орынға Анна Янина, Ирина Роменских;

3-ші орынға Ирина Лагода, Динара Самбет, Алина Ткачева ие болды.

4 курс және магистранттар арасында:

2-ші орынды Мария Казанцева, Полина Ваврженичик;

3-ші орынды Оксана Тимошина алды.

 

   

 

  




Кері оралу