қазақша · русский · english
 
 
 
30.11.2018

«Бастауыштан бастау алған ғұмырым»

 

2018 жылдың 28 қарашасында «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Азия Елеупанқызы Жұмабаеваның 55 жылдығына арналған «Бастауыштан бастау алған ғұмырым» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Кеш жүргізушілері: доктор PhD Эльмира Уайдуллақызы және магистрант Баян Жұмабаева болды.

 

Алдымен қонақтардың назарына ғалымның өмірі мен ғылыми жолдары туралы бейнежазба ұсынылды. Мерекелік іс-шараға университет ардагерлері, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, туыстар, оқытушылар, студенттер, магистранттар және докторанттар қатысты.


Мерей той иесін құттықтау үшін оқу ісі жөніндегі проректор, экономика ғылымдарының докторы, профессор Асан Сәтмырзаев, Педагогика және психология институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Берікжан Әлмұхамбетов, «Өрлеу» БАҰО АҚ Алматы облыстық филиалының мұғалімдерінің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серік Кеңесбаев, профессор Сағира Рахметова, профессор Рабиға Мендекинова, профессор Талғат Сабировтың жұбайы, профессор Рамсеит Қоянбаевтың жұбайы, профессор Төлебеке Күлгілдинова келді, сондай-ақ «Атамұра» корпорациясы және қалалық білім беру басқармасының өкілдері қатысты.

 

Мерекелік кешке жиналған қонақтар үшін әртүрлі шығармашылық топтар өнер көрсетті: балалар музыкалық және театр қойылымдары,«Ақ Көгершін» әнімен кафедра оқытушыларынан құрылған хор, доцент Аскен Маханованың жетекшілігімен құрылған қазақ және орыс бөлімінің бірінші курс студенттерінің хоры.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу