қазақша · русский · english
 
 
 
01.03.2019

Жазушымен кездесу

 

28 ақпанда п.ғ.к. профессоры Гүлнар Уайсова Педагогика және психология институты «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1-2 курс студенттерімен бірге жазушы, ілеспе аудармашы Камал Әлпейісовамен кездесу кешін ұйымдастырды. Кешке Алаш мемлекеттік сыйлығының иегері ақын Әділғазы Қайырбеков, жазушы Заря Жұманова және басқа қонақтар, институт басшылары мен оқытушылары қатысты. Кездесу барысында әдемі безендірілген залда 1-2 курс студенттері Камал Әлпейісованың әңгімелерінен көріністер көрсетті, өлеңдерін оқыды. Жастар тәрбиесіне байланысты жазылған мақалаларына талдау жасады. Жазушыға көптеген сұрақтар қойылды, кеш өте әсерлі өтті.

 

   

 

   




Кері оралу