қазақша · русский · english
 
 
 
22.04.2019

ҚазҰПУ студенттері XI Республикалық пәндік олимпиадада үшінші орын алды


2019 жылдың 15-17 сәуір аралығында SILKWAY халықаралық университетінде «5B010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша XI Республикалық пәндік олимпиада өтті. 4 кезеңнен тұрған олимпиадаға жоғарғы оқу орындарынан 30 команда катысты.


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтынан «Таза бұлақ» және «1928» командалары қатысып, командалық есеппен жүзден жүйрік атанып, «Таза бұлақ» командасы жүлделі 3-ші орынды иеленді. «1928» командасы ІV кезеңінде жоғары көрсеткішке ие болып арнайы дипломмен марапатталды.


Команда мүшелері: Аружан Жұмашева, Нұрайым Кенжебекова, Гүлзат Қлышбай, Гүлнұр Үдербаева, Наталья Белова, Сабина Хелимахунова, Виктория Филатова, Ирина Роменских арнайы сертификаттармен марапатталды.


Еліміздің жоғары оқу орындары студенттерінің ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының ІІІ кезеңінде «5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығынан жеке көрсеткіштері бойынша ІІІ орын алғаны үшін Жұмашева Аружан марапатталды.


Команда жетекшісі Акерке Умирбекова, Лариса Лебедева SILKWAY халықаралық университетінің атынан XI-ші республикалық олимпиада қатысушыларының жоғары деңгейдегі дайындығы үшін Алғыс хатпен марапатталды.


Білімді жастарға әрдайым қолдау көрсететін университет ректоры Такир Балықбаевқа олимпиада қатысушылары үлкен алғыстарын білдіреді.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу