қазақша · русский · english
 
 
 
24.04.2019

Жүрек қылын шерткен әуен

 

2019 жылы 23 сәуірде «Жүрек қылын шерткен әуен» атты фортепианолық музыка концерті ұйымдастырылды. Бұл Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі  мамандығының студенттері үшін таңдау компоненті ретіндегі пәндер тізіміне енетін «Аспаптық дайындық» пәні бойынша фортепианода ойнау шеберлігін көрсететін алғашқы және қорытынды нәтиже болатын.


Концерттің басты тақырыбы ̶ адамның жан дүниесі. Адамның түрлі сезімдерін оятатын, жанын тебірентетін репертуар таңдалған. Концертті ұйымдастыру, дайындап өткізу студенттерді ортақ мақсатқа біріктірді. Студенттер орындаған шығармалар негізінде концерт тақырыбы ашылып, афиша дизайны, көйлектер мен костюмдер, шаш үлгісі, бет әрлеу сәйкес таңдалды. Барлығы да шығарманың мәнін ашуға және эмоционалды тұрғыда жеткізуге бағытталды.

 

Концерт репертуары бастауыш мектепте орындалатын әндер, мульфильм және кинофильмде ойналған шығармаларды, сондай-ақ заманауи әуендерді қамтыды. Концерт үш тілде жүргізілді: Мария Лаврова қазақ тілінде, София Харитопуло орыс тілінде және Мадина Кайыржанова ағылшын тілінде жүргізді. Әрбір қойылым қызықты пікірлер мен орындалған шығармалар жайлы тың деректермен қатар жүрді.

 

 

   

 

   




Кері оралу