қазақша · русский · english
 
 
 
12.06.2019

Докторанттардың ғылыми тағылымдамасы МПМУ

 

2019 жылдың 27 мамырынан 9 маусымына дейін «6D010200 - Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс докторанттары Е.Н. Агранович, Е.А. Малахова, Р.О. Кенжетаева кезінде Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдамадан өту кезінде олар аталған оқу орнының Балалық шақ институтының бакалавриат және магистратураның сабақтарына қатысты, профессорлар Дмитриев Ю.А., Родин Ю.И., Землянская Е.Н. сияқты кеңесшілерінен кеңес алды. 31.05.2019 - «Қазіргі әлемдегі Ресейлік ғылым» ХХІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты, 03-04 маусым аралығында «Ресей оқытушылары: білімдегі инновациялар» форумына қатысты. Ленин атындағы Ресей мемлекеттік кітапханасының диссертациялық қорымен және МПМУ кітапханасында ғылыми жұмыстармен танысып, № 1708 арнайы түзету мектебінің оқу-өндірістік зертханасында практикалық сабақтарға қатысты. Магистрлік диссертацияларды қорғауға қатысты. Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Бұл докторанттарға тиісті сертификаттар мен дипломдар табыс етілді.

 

   

 

   

 

  

 




Кері оралу