қазақша · русский · english
 
 
 
17.09.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері жаппай таңертеңгілік жаттығуға қатысты

 

2019 жылғы 14 қыркүйекте Алматыда Қала күнін мерекелеу аясында 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында Медеу ауданы әкімдігі мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірлесе ұйымдастыруымен кең көлемді таңертеңгілік дене шынықтыру «Фитнес-Парк-Медеу» спорттық шарасы өтті.


Осыған орай Педагогика және психология институтының бастауышта оқыту педагогикасымен әдістемесі кафедрасының 100-ге жуық бірінші курс студенттері шарада таңғы жаттығу жасап,шараға белсене ат салысты. Кафедрамыздың тәрбие жұмыс үйлестірушісі Мариям Бекбаева және курс эдвайзері Гауһар Қамза өз үлестерін қосты.

 

Шара соңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жастары Фитнес-Парк-Медеу челленджін Қазақ ұлттық аграрлық университетіне жолдады.

 

   

 

  

 

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы




Кері оралу