қазақша · русский · english
 
 
 
08.10.2019

«Қарттарға көмек» акциясы

 

2019 жылдың 5 қазанында Қарттар күніне орай Педагогика және психология институтының бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 3 курс студенттері аға оқытушы Мариям Бекбаеваның ұйымдастыруымен «Қарттарға көмек» акциясын өткізді. Көшеде жәрдем сұрап отырған мұқтаж адамдарға азық-түлік таратты. Ауыр сөмке, пакеттерін жеткізуге көмектесті. Қарт кісілер өздерінің баталарын беріп, алғыстарын айтты.

 

   




Кері оралу