қазақша · русский · english
 
 
 
24.10.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары II Халықаралық Девели Ашық Сейрани және Түркі халықтарының мәдениеті конгресіне қатысты

 

Педагогика және психология институтының бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының оқытушылары - қауымдастырылған профессорлар Ақтоты Ақжолова және Гүлбану Сәдуақас, профессор Гүлнар Уайсова, аға оқытушылар Сажила Нұржанова және Ардақ Тазабекова қазанның 10-12 аралығында Түркия мемлекеті, Кайсери қаласында өткен II Халықаралық Девели Ашық Сейрани және Түркі халықтарының мәдениеті конгресіне қатысты.

 

Конгресте Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қазақстан республикаларының белгілі ғалымдарымен бірге Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары түркі халықтарының бала тәрбиелеудегі ортақ ойлары және қазақ ағартушыларының педагогикалық көзқарастары жайында баяндама жасады. Баяндамалар көпшілік көңілінен шықты, сол себепті бізге өзге елдерден шақырту ұсыныстары түсті. Конгресс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

 

   

 

  




Кері оралу