қазақша · русский · english
 
 
 
03.12.2019

Қалдырған ізің мәңгілік..

 

2019 жылдың 29 қарашасында Педогогика жəне психология институты Бастауышта оқыту педогогикасы мен əдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м. Исмагулова Раузия Сыдыковна 1-курс көптілді топ студенттерімен бірге «Қалдырған ізің мәңгілік» атты тəлімгерлік сағатын өткізді.

 

Іс-шара Ұстаз, ғалым, профессор Р.М. Қоянбаевтың 80 жылдығына арнаған«Рухани жаңғырудағы ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы: теория және тәжірибе» атты халықаралық ғылыми фестиваль аясында өтті.

 

Тəлімгерлік сағат ұстаз, ғалым, профессор Р.М. Қоянбаевтың өмірі мен еңбек жолы, ғылымдағы шығармашылығы мен жетістіктері туралы студенттерге мағлұмат беру, өнегелі өмірін үлгі ету мақсатында өткізілді. Іс-шарада көп жыл қызметтес болған Қазақ ұлттық педогогикалық университетінде ұстаз-ғалым, профессор Р.М. Қоянбаевпен бірге еңбек еткен Алтыбаев Маратбек ағаймен кездесу болды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу