қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
12.05.2025

Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді


2025 жылдың 21 мамырында сағат 11:00-де Педагогика және психология факультетінің мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының кеңейтілген отырысында «8D01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Изат Меруерт Магауякызының «Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының дамытушы ойындар арқылы зияткерлік дағдыларын дамыту» тақырыбында дайындалған диссертациясы талқыланады.

 

Кафедра отырысы офлайн және онлайн форматта өтеді.

Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалды.

Қорғау тілі - қазақ тілі.


ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:

Кыякбаева Улбосын Козыбаевна - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);

Колумбаева Шолпан Жаксыбаевна - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, университет профессоры. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);

Bayraktar Vedat - философия докторы (PhD), Гази университетінің профессоры (Анкара қ., Түркия мемлекеті).

 

РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Атемкулова Назира Омарқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан);

Булшекбаева Асем Исаевна - философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор м.а.. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан);

Акынова Жібек Мұхтарқызы - философия докторы (PhD), аға оқытушы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан).

 

ZOOM: https://zoom.us/j/95304652001?pwd=2apVkoptSn35lCnkxjKt4oZlyxdtRt.1

ID: 953 0465 2001

Кіру коды: 1234

Мекенжайы: Алматы қ., Достық к-сі, 13, 307 ауд.