қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
28.05.2025

«IAAR Eurasian University Ranking (IAAR EUR) - 2025» Халықаралық рейтингісінің нәтижелері


Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді «IAAR Eurasian University Ranking (IAAR EUR) - 2025» Халықаралық рейтингінде жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының «ТОП-20» Жалпы рейтингі нәтижесінде Абай атындағы ҚазҰПУ 4-орынға ие болды. Ал Қазақстандағы педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында университетіміз көш бастап, 1-орынға ие болды.

 

Биылғы жылы Қазақстан Республикасы профессор-оқытушылар құрамының «ТОП-50» жалпы рейтингісіне университетіміздің 3 оқытушысы енді:

· Хамзина Ж.А. - 22-орын,

· Косов В.Н. - 34-орын,

· Бердышев А.С. - 50-орын.

 

«Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша ғылым салаларына арналған институционалдық рейтинг нәтижесінде университетіміз бакалавриат және докторантура деңгейлері бойынша 1-орынға, ал магистратура деңгейі бойынша 2-орынға ие болды.

 

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының білім бағдарламалары топтары бойынша рейтингіде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 71 білім бағдарламасы жүлделі орындарға ие болды. Олардың ішінде:

· 36 ББ - 1-орын,

· 19 ББ - 2-орын,

· 16 ББ - 3-орын алды.


Институционалдық тиімділік кеңсесі